Атырау, 18 мамыр 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​1 ақпаннан бастап Атыраудың бірқатар оқушысы мен студенті дәcтүрлі оқу форматына көшеді

3 912 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігері өзінің қаулысына жеңілдік енгізді. Атыраудың оқушылары мен студенттерінің бір бөлігі 1 ақпаннан бастап дәртүрлі оқу форматына көшеді.

«300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған кезде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілсін;

жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін;

білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін;

бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар)  аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70% - ын штаттық режимде, 30% - ын қашықтан оқытуға рұқсат етілсін;

техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының  І курс  студенттерін  штаттық режимде оқытуға рұқсат етілсін;

2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған Атырау облысының тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін. 

Осы қаулы 2021 жылғы 1 ақпаннан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

30 қаңтар 2021, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.