Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Beeline «250+» жобасы Атырау облысында қалай жүріп жатқанын баяндады

PR
4 436 просмотра

Beeline Компаниясы Атырау облысында «250+» жобасының бірінші кезеңін сәтті аяқтады.

Ұялы байланыс операторлары 2020 жылы желі құрылысына өз қаржысын салғандықтан, жұмыс кезең-кезеңімен жүрді және барлық ауылға интернетті бірден тарту қиын болды. Компания 2021 жылы желіні түрлендіруді жоспарлап отыр – Атырау облысындағы шағын ауылдарда интернет жылдамдығы артып, байланыс сапалы болады.

— 2021 жылы «250+» жобасы бойынша барлық ауылды аса шапшаң 3G/4G мобильді интернетіне және сапалы жерсерік байланысына көшіреміз. Бұған мемлекеттің қолдауының арқасында қол жеткіздік – 2020 жылы желтоқсанда салық жеңілдіктері туралы заңға қол қойылды, олоператорлардың еліміздегі шалғай ауылдарда желіні түрлендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, еліміздің барлық өңіріндегі FWA байланысы бар 125 ауылды 3G және 4G мобильді интернетіне толық көшіреміз – дейді Beeline ҚазақстанныңТехникалық директоры Олег Снимщиков.

2020 жылы оператордың ауқымды жұмыстарының нәтижесінде Атырау облысында трафик тұтыну көлемі 45%-ға өсті. Мысалы, Beeline желісіндегі интернет қолданушы 2019 жылы орта есеппен айына 11,1 ГБ трафик пайдаланса, 2020 жылы 16,2 ГБ-қа жетті.

— Атырау облысының шалғай орналасқан ауылдары да шапшаң интернетке қосыла алады, адамдар интернет-трафикті көп тұтына алуы үшін, желінің сыйымдылығын арттырамыз, сондай-ақ интернет тұрақты әрі шапшаң жұмысі стейтін сапалы трансмиссияға көшеміз, — деп қосты Олег.

Қазір Beeline компаниясы Қазақстанда 9,7 млн абонентке қызмет көрсететінін және Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеушінің бірі екенін естеріңізге саламыз.

Көлік және коммуникация министрлігі 24.08.1998 жылы берген мерзімсіз мемлекеттік лицензияның №ДС0000317.  

29 қаңтар 2021, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған