Атырау, 18 мамыр 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"СҚ-Фармация" ісі бойынша тек бір күдікті бар

2 867 просмотра

Антикоррупция қызметі "СҚ-Фармация" істің мән-жайын айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"СҚ-Фармация" бойынша іс аяталды, бүгінде таныстыру жұмыстары жүріп жатыр. Іспен танысу жұмыстары аяқталғаннан кейін ол айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жолданады. Толыққанды мәлімет бере алмаймын...Күдікті бір адам ғана. Оның әрекеттерінің салдары денсаулық сақтау мекемелерінің қалыпты жұмысы бұзылып, дәрігерлер инфекция жұқтырды. Шарт бойынша 8 миллиард теңге", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов. 

Еске салайық, 2020 жылы тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Кейін Берік Шәріптің екі ай бойы қамауда болатыны белгілі болды.

29 қаңтар 2021, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.