Атырау, 18 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалды - Шпекбаев

2 816 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шпекбаевтың айтуынша, 2020 жылға түрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, төрт облыс әкімінің орынбасары, екі жауапты хатшы, екі комитет төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасары бар. Бес вице-министрге, бес комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр", - деді Шпекбаев алқа отырысында

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының мәліметінше, өткен жылы 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісінің жолы кесілді. Сотта Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша төрт іс қаралады.

29 қаңтар 2021, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.