Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шпекбаев: Пандемияда кейбір шенеунік өз лауазымын жеке бизнесі секілді қарастырған

2 507 просмотра

Пандемияда кейбір шенеуніктер мен топ-менеджерлер өз лауазымдарын жоғары рентабельді жеке бизнесі секілді қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Шпекбаев атап өткендей, 2020 жыл адамзат тарихындағы ең қиын жылдардың біріне айналды. Әлемдегі елдердің мемлекеттік аппараты бұрын-соңды болып көрмеген сынақтан өтті, өйткені олар өздеріне деген халықтың сенімі жаппай төмендеген жағдайға тап келді.

Пандемия кезінде, адамдар билікке үміт артқан кезде, кейбір ашкөз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, Құдайдан да қорықпай, өз лауазымдарын жоғары табысты жеке бизнес секілді қабылдады,бюджет қаражатын ұрлаумен айналысу және жүйелі түрде пара алу дегендей. Өз халқыңның қайғысынан баюды көздеу - сатқындық пен кісі өлтірумен тең, - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 қылмыстық істі тіркеді, оның жартысына жуығы дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі болып келеді. 2 миллиард теңгеден астам сомаға аса жоғары бағамен 132 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алу фактісінің жолы кесілді.

29 қаңтар 2021, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.