Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Зеленский Ресейге қарсы санкция жариялады

2 426 просмотра

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресейден келген заңды және жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар туралы шешімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жарлық мемлекет басшысының сайтында жарияланды. Ол жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

"Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің осы жарлықпен күшіне енген шешімінің орындалуын бақылау Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысына жүктелсін", - делінген жарлық мәтінінде.

"Украинаның Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақтың, Америка Құрама Штаттарының және басқа мемлекеттердің құзыретті органдарына санкциялар қолданылғаны туралы хабарлайды және олардың алдында осындай шектеу шараларын қолдану туралы мәселе көтереді", - делінген құжатта.

Санкциялар тізімі және құжаттың басқа мәліметтері туралы әлі хабарланған жоқ.

29 қаңтар 2021, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.