Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Алматыда көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

2 789 просмотра

Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүре алатын адамдар категориясы кеңейді. Енді қалалық автобустарда көпбалалы аналар да тегін жүре алады. Мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі.

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, қалада 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50 пайыз жеңілдік беріледі. 

"Бұл шешім "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданды", - деді қала басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бұған дейін тоғыз категориядағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүре алатын. Олар:  

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • 75 жастан жоғары зейнеткерлер;
  • I және ІІ топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар.

Сонымен қатар, келесі топтағы адамдарда 50 пайыздық жеңілдік бар:

  • 15 жастан жоғары жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, күндізгі оқыту жоғары оқу орындарының студенттері;
  • зейнеткерлер. 
29 қаңтар 2021, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.