Атырау, 19 мамыр 10:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Индерде жол-көлік оқиғасында полиция қызметкері қайтыс болды

2 661 просмотра

Желтоқсанның 30-нан 31-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылы тұсында жол апаты болып, полиция қызметкері қазаға ұшырады. 

ІІБ қарасты қызметтік «Нива» және «Toyota Estima» автокөлігі сотығысып қалды. «Нива» автокөлігінде отырған екі полиция қызметкерінің бірі (29 жаста) оқиға орнында көз жұмды, оның 36 жастағы серіктесі ауыр жарақат алып, аудандық ауруханада оған ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.

Ал ресейлік нөмір таққан «Toyota»-ның жүргізушісі мен жолаушысына көп зақым келмеген, олар дәрігерлік бақылауға алынды. ЖКО бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3-ші бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қаңтар 2021, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.