Атырау, 19 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамптың сайлауға қатысты жазбасы жарияланды

2 383 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджияның мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергерді сайлаудағы дауыстарды оның пайдасына есептеуге шақырады. Трамптың әңгімесі таспаға жазылған және оны Washington Post жариялады, - деп хабарлайды Тенгриньюс РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Трамп мемлекеттік хатшының заң жөніндегі кеңесшісі Райан Джермени туралы да айтты. Әңгімені тыңдағанда Трамп тағы да Раффенспергерге заңбұзушылықтар туралы айтып, қатты сынға алғаны белгілі болды. Бір сөзінде ол қауіп төндіреді.

"Олардың не істегенін білесіздер және мұны хабарламайсыздар. Бұл - қылмыс. Сіз бұған жол бере алмайсыз. Сіз үшін де, заңгеріңіз Райан үшін де үлкен тәуекел болып тұр", - деді Трамп.

"Мен жай ғана 11 780 дауыс табуым керек, себебі штатта  жеңдік", - деді АҚШ президенті.

Сайлаудан кейін тұрғындардың дауыс беру бюллетені үш рет саналды. Бәрінде де Джо Байден Трамптан айтарлықтай алда екені белігілі болды. Нәтижесінде Байден Джорджиядан барлық 16 сайлаушының дауысын жинады. 

Трамп президент сайлауында жеңілгенін мойындамайды. Сайлаушылар дауыс беру қорытындысының ресми деректеріне сүйенсек, Байден штаттардан 306 дауыс, ал Трамп 232 дауыс жинаған. Сайлау нәтижесін 6 қаңтарда конгресс бекіту керек. Байденнің  инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді деп жоспарланған.


4 қаңтар 2021, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.