Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2 130 просмотра

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 4 қаңтарда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын елорда уақытымен сағат 13.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Екі команда бұған дейін 37 мәрте кездесті. Оның 19-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті. 

Биыл командалар екінші мәрте мұз айдынға шығады. 2020 жылдың 26 желтоқсанында елордада өткен кездесуде «Барыс» аталған қарсыласын 5:2 есебімен тізе бүктірген болатын. 

Айта кетейік, «Барыс» соңғы 12 кездесудің 10-да жеңіске жетті. Турнир кестесінде 38 ойыннан кейін 45 ұпаймен 15 орында келеді. 

Ал «Амур» соңғы 10 ойында небәрі 2 мәрте қарсыластарын қапы қалдырды. Турнир кестесінде 41 ойыннан кейін 31 ұпай жинап, 19 орында тұр. 

Бұдан бұрын елордалық клуб алдағы үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялаған болатын.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» 4 және 6 қаңтарда Хабаровскіде «Амурмен» екі мәрте шеберлік байқасса, 8 қаңтарда Екатеринбургте «Автомобилистпен» мұз айдынға шығады.

4 қаңтар 2021, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.