Атырау, 19 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Стамбұлдан-Алматыға ұшқан әуе кемесі бір топ құспен соқтығысты

2 808 просмотра

Turkish Airlines компаниясына тиесілі Cargo Boeing 777 ұшағы Стамбулдағы Ататүрік әуежайынан ұшып шығып, көп ұзамай бір топ құстармен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап. 

Түрік газетінің хабарлауынша, TK-6220 рейсі 08.40-та ұшқан. Құстармен соқтығысқаннан кейін командир әуежайға оралуға шешім қабылдады. Экипаж жанармай төгілгеннен кейін әуе кемесін апаттық жағдайда рұқсат етілген қону салмағында қондырды.

Оқиға салдарынан Boeing 777 мұрын конусы мен ауа қысымын қабылдағыштары зақымданды. Ұшақ жөндеуге арналған ангарға жіберілді.

4 қаңтар 2021, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.