Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Бағаға ілесу қиын-2

2 975 просмотра

4 желтоқсаннан бастап облыс әкімдігі күнбағыс майына (литрі 528 теңгеден аспайды), құмшекерге (кг үшін 268 теңге) және 1-санаттағы жұмыртқаға (он данасына 339 теңге) баға шегін белгіледі. Алайда сауда бұған мойынсұнар емес. «АЖ» қала әкімшілігіне  қанша талап бұзушы анықталғандығы және қандай жазаға тартылғаны туралы сауал жолдады.

Өкінішке орай, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВТЫҢ қолы қойылған жауапта нақтылық байқалмады. Ол желтоқсан айында күнбағыс майын (25,9% -ға), құмшекерді (19,7%) және жұмыртқаны (30,7%) жоғары бағамен сату фактілері болғанын және талап бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 202-бабына сәйкес ірі айыппұл салынғанын хабарлады.

Бұдан басқа, оның айтуынша, «қала тұрғындарын бөлшек саудадан 10-15% төмен бағадағы жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында әр демалыс күндері "Мұнайшы" стадионының алдында және "Сарайшық" коммуналдық базарында ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Ал 29 желтоқсаннан бастап «Сарайшық», «Көктем», «Дина» және «Насиха» базарларында тұрақтандыру қорындағы көкөністер сатылуда (картоп - кг үшін 94 теңге, пияз - 81, сәбіз - 91, қырыққабат - 92).

Бұл тізімде "Дина" базары жоқ. «Атырау» ӘКК-нен білгеніміздей, бұл базардан сатушыны бірден таба алмаған, енді тауыпты,  мұнда 1 қаңтардан бастап сатылады.

Қаражановтың жауабында 32-01-62 сенім телефоны да көрсетілген, ол арқылы қала тұрғындары баға шегінен асу фактілері туралы хабарлай алады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қаңтар 2021, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.