Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«АЖ»-ның жаңажылдық номинациялары

Сурет
3 189 просмотра

Өткен жыл өте ауыр болды, бірақ бұл жылдар бойы біздің басылымның дәстүрін жалғастыруға кедергі келтірген жоқ. Назарларыңызға «АЖ»-ның дәстүрлі жаңажылдық номинацияларын ұсынамыз.

ЖЫЛ АУРУЫ

Наурызда Қазақстанға коронавирус келді - сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ инфекцияның алғашқы екі жағдайын 13 наурызда брифингте жариялады. Екі аптадан кейін Атырауда ауру жұқтырған бірінші адам анықталды. Айта кету керек, бірінші кезеңде өңір пандемиямен күресуге дайын болмады. Ауруханаларда орын жетіспеді, ИВЛ аппараттары болмады, дәріханалардан қарапайым парацетамол табу қиын болды. Жалпы, жергілікті билік коронавирус сынағынан өтпей қалды.


ЖЫЛДАҒЫ ҚАМАУҒА АЛУ

10 қыркүйекте 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс бөлімінің бастығы Тимур БАСАРОВ ұсталды. Іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топтың аса ірі көлемде пара алуы) бойынша тергелді.  3 желтоқсанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Бірақ судья тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген деп есептеп, істі прокуратураға қайтарды.


ЖЫЛ АЙНАЛМАҒЫ

COVID-19 пандемиясы басталғалы Атырау облысында 7 бас санитар дәрігер ауысты. Қазір бұл қызметті Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ атқарады. Ұзақ уақытқа ма?


ЖЫЛ САПАРЫ

29 қарашада Атырауға ел Президентінің көмекшісі Қанат БОЗЫМБАЕВ бейресми сапармен келді. Мемлекет басшысының сенімді адамының сапарын жергілікті билік жарнамаламады. «AЖ» президент пандемия кезінде облыс әкімінің жұмысына наразы болғандықтан Бозымбаевтың аймақты тексеруге және Ақорда үшін ақпарат жинауға келгенін анықтады.


ЖЫЛ КӨЗІ

10 қыркүйекте сағат 15:00-де Атырауда тәулік бойы және кез-келген ауа-райы жағдайында жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіп бұзушылықты тіркейтін «ақылды» «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Жоба құны - 10 миллиард теңге. Айта кету керек, қарашаның соңына дейін «Сергек» камераларының көмегімен 23 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзушылық анықталды, салынған айыппұл мөлшері 191 миллион теңгеден асты. Әкімшілік полиция басқармасына жүргізушілерден «Сергектің» «шешімімен» келіспеу туралы 79 өтініш түсті.


ЖЫЛ АЛАЯҒЫ

Ақпан айындағы «ломбард ісі» - соңғы жылдардағы ең үлкен алаяқтық қылмысы болды. Мыңдаған атыраулықтар ғана емес, басқа өңірдің тұрғындары да «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Тиімді несие», «Нур-Али Капитал», «Тиімді депозит және «ХоумАвтоИнвест» ЖШС-лерінің қармағына түсіп қалды. ІІМ мәліметінше, ел бойынша полицияға 8 мыңнан астам адам жүгінген, оларға келтірілген залал 10 миллиард теңгеден асты. Бүгінде 42 күдікті анықталды, оның 19-ы қамауға алынды, оның 4-уі - Атыраудан.

Компания мына схема бойынша жұмыс істеді: ломбард автомобильді немесе жылжымайтын мүлікті 3 айға дейін бөліп төлеу арқылы нарықтық құнынан 20% қымбатқа сатып алады. Әрі қарай, нотариуспен келісім жасалады, онда ломбард бірнеше ай ішінде ақша беруге кепілдік береді. Тағы бір нұсқа - айына 30-40% мөлшерінде ақша салу ұсынылды. Бірақ клиенттер өз ақшасын ақыры көре алмады.


ЖЫЛ ҚАШҚЫНЫ

Атырауда 18 наурызға қараған түні 22 жастағы жігіт Литвадан келгеннен кейін коронавирустан тексеру үшін орналастырылған карантин стационарынан қашып кетті. Жігіт екінші қабаттың терезесінен секіріп кетті. Сот қашқынды ҚР ӘҚБтК 476-бабының 6-тармағы (Карантиндік және басқа да санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды бұзу) бойынша кінәлі деп тауып, бірінші рет болғандықтан әкімшілік ескерту тағайындады.


ЖЫЛ ПОЗИТИВІ

Қыркүйек айының басында «АЖ» Жылыой ауданындағы Жем өзені түгел кеуіп, 200-ге жуық шаруа қожалығы сусыз қалғанын хабарлады. Алайда, екі айдан кейін Мұғалжар жақтан су пайда болып, фермерлерге үміт отын оятты.


ЖЫЛ СОТЫ

27 мамырда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2019 жылдың қыркүйегінде облыстық перинаталды орталықта жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты тергелген қылмыстық істі қарауға кірісті. Сотталушылар - перинаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВ, акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАН, неонатологтар Руслан НҰРМҰХАНБЕТОВ пен Дариға ЖҰМАБАЕВА, акушер-медбике Жамилә ҚҰЛБАТЫРОВА. Айыптаудың негізгі тармағы - «алдын ала сөз байласу арқылы бір кәмелетке толмаған адамды көрінеу өлтіру». Айыпталушылардың соңғы сөзінен кейін сот үкімін жариялау 21 желтоқсанға жоспарланған, бірақ кейін «жаңа жылдан кейінгі» уақытқа қалдырылды.


ЖЫЛДЫҢ ҚҰПИЯ ЖЕРІ

10 наурызда тінту кезінде тергеу изоляторына күдіктімен кездесуге қоғамдық қорғаушының ішкіиімінен марихуана табылды.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» мұрағатынан алынған суреттер

31 желтоқсан 2020, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.