Атырау, 19 мамыр 05:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ұстаздың еңбегі ескерілуде, ал білім сапасы неге төмен?

3 699 просмотра

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Болат АТЫБАЙ брифингте жақында қабылданған ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының кейбір негізгі ережелеріне тоқталып өтті.  Мысалы, педагогты жұмысқа заңсыз тартқаны, тексергені немесе қорлағаны үшін 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Оның айтуынша, жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көтеріліп келеді.

- Жалақыны көтеруден бөлек, еңбек демалысын көбейту, ұстаздық шеберлік пен тәлімгерлігі үшін үстеме ақы төлеу көзделген. Атап айтқанда, педагогтың ақылы демалысы 42 күн емес, қазір 56 күнге ұзартылды, - деді Атыбай. - Облыс бойынша 79 шебер-педагог, 1692 зерттеуші, 1851 сарапшы, 1402 модератор, 97 тәлімгер ұстаз, 57 магистр мұғалім бар. Олардың барлығы тиісті үстеме ақы алады. Сонымен қатар, үстеме ақы «жаратылыстану» пәнін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге де қарастырылған.

Бұдан басқа, алдағы 2021 жылы «ҚР Еңбек сіңірген педагогы» атағы үшін 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы енгізіледі. 

Айнұр САПАРОВА

30 желтоқсан 2020, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.