Атырау, 19 мамыр 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Атырау» ФК-ын құтқару: миллиардтық миссия

2 968 просмотра

Биыл «Атырау» футбол клубын ұстауға облыстық бюджеттен 1 миллиард 272 миллион теңге бөлінді. Ақша 672 миллион теңге және 600 миллион теңге болып екі траншпен бөлінді. Бұл қалай болды, көктемде жарыс өтппеді, ендеше екінші транш қалай өтті, бұл туралы «AЖ» материалында.

Еске салсақ, осы жылдың басында «Атырау» ФК-ның 1 лига мен ҚР Кубогына дайындалып, қатысуына облыстық бюджеттен 672 миллион теңге бөлінген болатын. Ал қараша айында мемлекеттік сатып алу порталында спорт клубтарының қызметі үшін, сондай-ақ Атырау облысы футбол командасының чемпионаттың екінші айналымына және ҚР Кубогына дайындалып, қатысуы бойынша қызметтер үшін 600 миллион теңге сомасында лот орналастырылды.

Лот 18 қарашада орналастырылды, өтінімдер қабылдау сол күні басталды және ресми түрде әлі аяқталған жоқ. Тапсырыс беруші - «Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ. Жоспарланған сома - 535 714 285,72 теңге. Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі 28 қарашада аяқталғанын және «Атырау облыстық футбол командасы» ЖШС жеңімпаз деп танылғанын атап өткен жөн.

Футбол клубымен келісім 18 қараша деп белгіленген. Бірақ келісімшарт сомасы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған сомадан асып кеткен.

«ҚҚС-ты қоса алғанда, бірлік бағасы - 600 000 000 теңге; жоспарланған жеткізу уақыты - келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін; келісімшарт бойынша жеткізу уақыты келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін», - делінген мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың қосымшасында.


АЛДЫМЕН БІРІНШІ ТРАНШ...

«АЖ» облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сауал жолдады. Осы мекеменің баспасөз қызметі екі транш бойынша жауап берді. Олардың ақпараты бойынша, 2019 жылдың соңында «“Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС Бірінші лига командалары арасындағы ҚР чемпионатына қатысу үшін бюджеттен 1 135 000 000 теңге көлемінде бюджет қаржысын бөлуге өтініш берген. Алайда, облыстық мәслихатта бұл соманы екі траншқа бөлу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты конкурс тек бірінші айналымға жарияланған, бұл конкурстық құжаттаманың техникалық сипаттізімінде көрсетілген.

«Бірінші сома жыл басында бөлінді, шығын жоспарына сәйкес, футбол клубы команданы ел чемпионатына дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізді. 2020 жылдың қаңтарынан ақпанына дейін команда құрылды, «Ойыншылардың мәртебесі мен ауысуы бойынша ҚФФ регламентінің» типтік формасына сәйкес, бүкіл спорттық маусымда футболшылармен, жаттықтырушылар штабымен еңбек келісімшарттары жасалды. Барлық келісімшарттар Қазақстан кәсіпқой футбол лигасында тиісті түрде тіркелді, - деп жазды баспасөз қызметі. - Бірінші транш бойынша ҚҚС-ты қосқанда 672 млн теңге көлемінде бөлінген қаражат толығымен игерілді. Атап айтқанда, штаттық кестеге сәйкес 135 адамның жалақысы, бюджетке төлемдер, оқу-жаттығу жиындарын өткізу қызметтерінің төлемі, футболшылардың тамағы, коммуналдық қызметтер, керек-жарақтар, дәрі-дәрмектер сатып алу, Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) өткізетін жарыстарға қатысуға арналған үшін өтінімдік жарна».


...СОДАН КЕЙІН ЕКІНШІ

Екінші транш бойынша мәселе 2020 жылғы қыркүйекте облыстық мәслихаттың сессиясында шешілді. Карантинге байланысты бұл мерзім кешікті.

«Чемпионаттың екінші айналымына конкурс 2020 жылдың 19 қазанында жарияланды, өтінімдер 26 қазаннан бастап қабылданды, өтініш берудің соңғы мерзімі - 10 қараша. Хаттамаға сәйкес, конкурс өтпеді деп танылып, 10 қарашада қайта жарияланып, 18 қарашаға дейін өтінімдер қабылдау басталды. Сөйтіп, конкурс қайтадан өтпеді деп танылды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Әрі қарай, конкурс өткізу туралы ереже егжей-тегжейлі түсіндірілген: «« Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 29-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес,«“Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС-нің өтпей қалған мемлекеттік сатып алуы бойынша бір көзден шақырту жіберілді». Егер әлеуетті жеткізуші өтінімді қабылдаған болса, Тапсырыс беруші сатып алуды мерзімінен бұрын ашуға құқылы.

Осы Заңның 5-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыс қосымша құн салығынсыз орналастырылады, ал «“Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС - ҚҚС төлеуші, осыған байланысты келісімшарт ҚҚС-ты қосқанда 600 000 000 теңгеге жіберілді.

ҚР Азаматтық кодексінің 386-бабының 2-тармағына сәйкес, «тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы».


ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛАР ЕДІ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «“Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС екінші траншты ала алмаған жағдайда, клуб футболшыларға, жаттықтырушылар штабына және клуб қызметкерлеріне жалақы бойынша қарыздар боп қалар еді. Олар клубтың еңбек келісімшарты талаптарының бұзуына байланысты ҚФФ және ФИФА (Дауларды шешу палатасы) заңды органдарына жүгінер еді.

Аталған органдар тиісті шешім шығарғаннан кейін клубқа қатаң тәртіптік жазалар, атап айтқанда, жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салу, турнирлік ұпайларды алып тастау, клубты ҚФФ өткізетін жарысқа қатысушылар қатарынан шығару және ақшалай айыппұлдар қолданылар еді.

Аталған органдар тиісті шешім қабылдағаннан кейін клубқа қатаң тәртіптік жазалар қолданылуы керек еді, яғни жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салу, турнирлік ұпайларды алып тастау, клубты KFF өткізетін жарысқа қатысушылар қатарынан шығару және ақшалай айыппұлдар.

«Екінші траншқа бөлінген қаражат толығымен бірінші транш жұмсалған мақсат бойыша игерілді», - деп жазады дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. - Осы маусымда клубтың алдында - жаттықтырушылар, футболшылар бір кездері бірнеше ай жалақысыз жұмыс істегеніне қарамастан, Премьер-лигаға оралу секілді жауапты міндет тұрды. Олар қойылған міндетті орындап, өз конференциясында бірінші орынды иеленіп, Премьер-лигаға шықты.

26 қарашада «“Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС кеңсесінде кездесу өтті, оған «Атырау» ФК басшылығы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық футбол федерациясының президенті, сондай-ақ жанкүйерлер қатысты. «Атырау» ФК клубының басшылығы маусымда атқарылған жұмыстар туралы, бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы, команданың Премьер-лигадағы жаңа маусымға дайындығы туралы толық есеп берді. Сондай-ақ, «Атырау» ФК басшылығы қызметкерлер және тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер алдында қазіргі уақытта ешқандай қарызы жоқ екенін мәлімдеді. Өз кезегінде жиналғандар «Атырау» ФК басшылығын толықтай қолдап, жаңа маусымда жетістіктер мен сәттілік тіледі».

Естеріңізге салсақ, 2017 және 2018 жылдары «Атырау» ФК ұстауға облыстық бюджеттен 2 миллиард 1 миллион теңге, 2019 жылы - 1 миллиард 922 миллион теңге бөлінген.

Айнұр САПАРОВА

27 желтоқсан 2020, 00:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.