Атырау, 19 мамыр 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Мұз ойған жұмысшылар және тонналаған реагенттер

Толықтырылды Сурет
3 934 просмотра

Қазір Атырауда көктайғақпен күрес қалай жүріп жатыр? Ол үшін көктайғаққа қарсы «Айсмелт» реагенті, яғни, техникалық тұз қолданылатынын «Арнаулы автобаза» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

- 28 желтоқсаннан бастап көктайғақ пен тұман болатыны болжанғандықтан, біз басты көшелер – Әбілхайыр хан, Сәтпаев, Владимирский, Азаттық, Махамбет көшелеріне 9 тонна тұз септік, - дейді баспасөз қызметі. – 28 желтоқсан сағат 02.30-дан бастап таңертеңге дейін реагенттің тағы да 18 тоннасы себілді, ал күндіз көпірлер, баспалдақтар, тротуарлар және қалалық ауылдық жерлерге шығатын жолдар өңделді – оған тағы да 27 тонна кетті. 100 жұмысшы жолдардағы мұзды оюға шықты.

Көктайғаққа қарсы «Айсмелт» реагенті осы жылғы қазан айында жергілікті компаниядан тендер арқылы сатып алынған болатын. Компанияның аты қалай екені және оған қанша қаржы жұмсалғаны туралы сұраққа баспасөз қызметі жауап бере алмады.

Бұл жылы осы реагент бірінші рет қолданылып тұр екен, бұрын Индер тұзын пайдаланып келген. «Арнаулы автобаза» «Айсмелт» реагентін тиімдірек деп санайды.

- Көктайғақты тазарту жұмыстары жалғасады ма?

- Иә, біз қазірдің өзінде тұрғындардың шақыртуы бойынша қатты тайғақ жерлерге шығып жүрміз.

Кейін «Спецавтобаза» ЖШС баспасөз қызметі қазан айында  келісі 220 теңгеден 25 тонна - барлығы 5,5 млн. теңгеге «Айсмелт» реагенті сатып алынғанын хабарлады. Мұндай сатып алулар алдағы уақытқа да жоспарланып отыр.

- «Айсмелт» көптеген елдерде қолданылады. Қала тұрғындары «Айсмелт» реагенті ақ қарға ұқсас деп бізге қоңырау шалады, сондықтан біз оны құммен араластырамыз – бұл технология үшін зиянсыз, бірақ адамдар қай жермен жүру қауіпсіз екенін біліп отырады. Тұзды көп пайдаланбауға тырысамыз, өйткені жазда ол көгалдың өсіп кетуіне кедергі келтіреді, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер әлеуметтік желіден алынды

29 желтоқсан 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.