Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңажылдық отшашу сертификатпен сатылуы керек

3 297 просмотра
Көрнекі сурет

Атырауда «Пиротехника» Жедел-профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері заңсыз отшашулар сатып жүрген көше саудагерлерін анықтадыМысалы, 22 желтоқсан күні драмтеатр ғимаратының алдында дәл полиция бекетінің қасында 49 жасар қала тұрғыны жаңажылдық отшашу сатып тұрған.

25 желтоқсанда қала маңындағы Еркінқала ауылында жаңажылдық отшашуларды әлеуметтік желіде жарнамалап жүрген 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Сол күні 23 жастағы бойжеткен ұсталды.

ҚПБ ұсынған сурет

- Сертификаты болып, барлық қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда, пиротехникалық бұйымдарды сатуға болатынын атап өткім келеді. Ұсталған саудагерлерде сертификат болмады, сондықтан ҚР ӘҚБтК 196-бабы бойынша (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) оларға 25 АЕК айыппұл салынды, - дейді Атырау ҚПБ басшысының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ.

«Пиротехника» жедел-профилактикалық шара 7 қаңтарға дейін жалғасады.

Фархат ӘБІЛОВ

30 желтоқсан 2020, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.