Атырау, 19 мамыр 07:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бойжеткенді шанамен сырғанатып, айыппұл төледі

Бейнежазба
3 757 просмотра
Видео скриншоты

29 желтоқсанда сағат түнгі бірде Атырау қаласының жедел полиция басқармасының инспекторлары, орталық көпірдің маңында шанада отырған адамды «сүйреп» жүрген көлікті байқайды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына жедел полиция патрулі жіберілді. «Тентек бала» Hyundai Tucson маркалы көліктің 20 жастағы жүргізушісі болып шықты. Ол шананы көлікке тіркеп алып, 22 жастағы қызды сырғанатып жүрген.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы («Жол ережесін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

29 желтоқсан 2020, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.