Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елімізде ректор лауазымына қатысты ұсыныс жасалды

3 241 просмотра

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы елімізде екі мерзімнен артық ректор лауазымында қызмет атқара алмайтындай қағидат енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде ондаған жылдар бойы тапжылмай ректорлық қызмет атқарып келе жатқандар бар. Нарық заманында бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Ректорларды жоғары оқу орындарында төрт жылға тағайындап және ол екі мерзімнен артық ректор лауазымында қызмет атқара алмайтындай қағидат енгізуіміз керек. Менім пікірімше, ұлттық ЖОО-дан басқа барлық өңірдің әлеуметтік-экономикасына мамандар даярлайтын өңірлік жоғары оқу орындарын «Қамқоршылар Кеңесіне» сүйеніп басқару арқылы орталықсыздандыру дұрыс деп есептеймін», - деді М. Бақтиярұлы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында мектепте білім беру жүйесін оңтайлы басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігі базасында штат санын көбейтпей екі министрлік: Білім министрлігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігін құру ұсынылды.

29 желтоқсан 2020, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.