Атырау, 19 мамыр 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңіздегі коронавирустың өршуі: кен орнын жабу әзір жоспарда жоқ

3 755 просмотра

Теңізде карантин шаралары күшейтіледіБұл туралы дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

«1 желтоқсаннан бүгінге дейін 600-ден астам жағдай (тіркелген)», - деді Есмағамбетова.

Ол Атырау облысының коронавирустың таралуы жағынан «қызыл» аймақта екенін еске салды. Сонымен қатар, тіркелген жағдайдың 60%-ы Теңіз кен орнында анықталған.

«Бұл Теңізде кіріп-шыққандарды ПТР тестілеуден өткізуге байланысты, науқастар саны артып келеді. Қараша және желтоқсан айларында аурушаңдық көбейді. Сондықтан Теңіз кен орнында шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Қосымша карантин, қосымша ПТР тесті, кіруге және шығуға қосымша шектеулер, вахталық қалашық ішінде жұмысшылардың қозғалуына байланысты қосымша шектеулер енгізілді", - деді Есмағамбетова. 

Сонымен қатар, Есмағамбетова кен орнының жұмысын тоқтату жоспарда жоқ деп сендірді. 25 желтоқсанда жағдайды тұрақтандыру үшін ТШО басшылығымен іс-шаралар кешені әзірленіп, талқыланды.

«Теңіздің  жұмысын тоқтату жоспары жоқ. Біз кен орын басшылығымен жұмада талқыланған шаралар тізімін әзірледік. Әзірге шектеу шараларын күшейтеміз», - деп қосты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.

28 желтоқсан 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.