Атырау, 19 мамыр 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңа жыл мерекеcінде Атырауда қосымша вагондар шығарылады

3 784 просмотра

Қазақстанда жаңа жыл кезеңіне қосымша 700-ден астам вагонды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты.

Алайда, 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі. Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:
1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
3) Павлодар-Пресногорьковская;
4) Қызылорда-Семей;
5) Ақтөбе-Атырау.

«ҚР ИИДМ тасымалдаушыларға сақтық шараларын мүлтіксіз сақтау жөнінде нұсқаулар берді», - деп атап өтті ведомстводан.

28 желтоқсан 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.