Атырау, 19 мамыр 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жобада субұрқақты ұмытыпты

3 271 просмотра

Жақында ғана Атырауда пайдалануға берілген жағалауда аязға қарамастан қалалық арынды кәріз станциясына су бұруға арналған дренаж жүйесін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ролик жақында әлеуметтік желіде жарияланған еді.

Біз облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен осы фактіге комментарий беруді өтінген едік.

«“Батыс Альянс Строй” ЖШС мердігер компаниясы қазір қалалық арынды кәріз станциясына су бұруға арналған дренаж жүйесін орнату жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жүйе бастапқыда жобада қарастырылмаған. Дегенмен, бұл жұмыстар субұрқақтардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Өйткені саябақ аумағындағы субұрқақ кешені ағызғысы жеке қалалық желіге айналуы керек», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. – Бұдан басқа, осы ауа температурасындағы жұмыстар ҚНМЕ нормаларына қайшы келмейді».

Бәрі де жақсы-ау, бірақ өкінішке орай, жобадағы олқылықтарға байланысты олар алдымен жасап алады да, кейін төселген тастарды бұза бастайды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

28 желтоқсан 2020, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.