Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау тұрғындарының жаңа жылдық жарлықтары

Бейнежазба
4 200 просмотра

Жаңа жыл қарсаңында күтпеген жерден Қазақстанның президенті бола қалсаңыз, ең бірінші жарлығыңыз қандай болар еді? Осындай жартылай әзілмен, мүмкін мағыналы сұрақпен «АЖ» тілшісі Атырау тұрғындары арасында сауалнама жүргізді.

Алғаш кездескен тұрғын банктің пайыздарын азайтар едім деп жауап берді. Ол банк алдында тұрған еді.

Келесі тұрғын:

- Шағын кәсіпкерлікпен айналысуға барынша жеңілдік жасар едім, - деп жауап берді.

Орта жастағы әйел адам:

- Ең бірінші барлық деңгейдегі басшылықтың бәрін өзгертер едім. Содан кейін бала күтімімен отырған аналарға жәрдемақыны бала бір жасқа толғанша емес, 3 жасқа толғанға дейін төлеу туралы Жарлыққа қол қояр едім.

Ер адам:

- Не айтайын, мен президент болмаймын ғой, - деді.

Сауалға жауап берген тағы бір тұрғын мұғалім екен:

- Мен Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудан бастайтын шығармын. Көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылардың жағдайы ауыр екенін көріп жүрміз. Қазақстандықтардың көпшілігі үй жалдап тұрады, ал бюджеттік мекемеде жұмыс істейтіндер 25 жыл несие төлейді. Одан басқа да нәрселер бар, адам өмір сүруі керек қой, ал жалақыдан не қалады?

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бейнежазбаны түсірген автор

28 желтоқсан 2020, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.