Атырау, 19 мамыр 01:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау облысында көктайғақ салдарынан жолдар жабылды

3 595 просмотра

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облысқа қарасты «Атырау-Орал», «Атырау-Индер», «Атырау-Астрахан», «Атырау-Ақтау» жолдары жабылды. Бір күн бұрын ТЖД-нің 112 нөмірінен көктайғақ туралы ескерту келді.

Кешеден бері Индер ауданында жаңбыр себелеп, содан кейін қар түскен, басқа аудандарда және Атыраудың өзінде түнде жаңбыр жауды. Нәтижесінде жолдар көктайғақ болды.

Трассалардың жабылуына байланысты көлік кептелісі түзілді. Адамдар өздерін қашан өткізеді деп көлік ішінде күтіп отыр. «Қазавтожол» Атырау филиалының директоры Жаңабай БАШАРОВ жолдарға құм мен тұз себілгенін, көп ұзамай жолдар полицияның рұқсатымен ашылатынын айтты. Жаңа ғана ПД баспасөз қызметі бұл қозғалыстың ашылғанын хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 желтоқсан 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.