Атырау, 19 мамыр 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Нұрлан Ноғаев: «Қазақстанның жер қойнауы өз меншігінде»

3 922 просмотра
Суретті ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды

Жақында өткен көмірсутегі кен орындары бар жер учаскелерін пайдалану құқығына қатысты онлайн аукционнан кейін барлық учаске біздің аймақта орналасқан соң қазақстандықтарда, әсіресе Атырау облысының тұрғындарында, ондай құқықты кім сатып алды және қандай мерзімге деген заңды сұрақ туындады.

Жақында Энергетика министрлігі құқық иелерінің тізімін жариялады, бірақ мерзімі әлі айтылған жоқ. Министр Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысына барған сапары барысында былай деді:

- Аукцион арқылы сіз жер учаскелерін шексіз иеленуге емес, белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын сатып аласыз. Кен орнының өмірі белгілі бір компанияның кетуімен тоқтап қалмауы тиіс, өндіріске байыппен қарау керек.

Қазақстанда мұнай-газ кен орындарын игеру және барлау әдісін Энергетика министрлігі жанындағы орталық комиссия бекітеді. 2020 жылы комиссия құрамы 22-ден 33 адамға дейін көбейді, олардың қатарында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ көмірсутегін барлау мен өндіруде тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар бар. Тәуелсіз сарапшылардың саны да 1-ден 3-ке дейін көбейді. Жер қойнауын пайдаланушы мен тәуелсіз сарапшы арасында байланыс болмау үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыру «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-на жүктелді.

Бұл шаралар сыбайлас жемқорлыққа жол берілмес үшін және кен орындарын барлау мен игеру бойынша жобаларды іріктеу ашық жүру үшін қабылданды, - деп хабарлады энергетика министрлігінде.

- Биыл комиссия мүшелері жақсы жұмыс жасады: бірқатар жобалар қаралып, кейбіреуінен бас тартылды. Біз инвестиция тартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қашан да қолдаймыз, бірақ жер қойнауын игеруге немқұрайлы қарамауымыз керек, ұтымды тәсіл қолданылуы тиіс. Жер қойнауы Қазақстан Республикасының меншігі және барлығы бұған аса мән беруі тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

28 желтоқсан 2020, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.