Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

3 641 просмотра

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздың жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға шығуы қарастырылып жатқан үш үміткердің бірі. Бұл – DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім аясындағы айқас болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста «Канело» WBA/WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін «Канело» жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин», - деп жазады автор. 

Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзі кіммен жекпе-жекке шығуды қалайтыны туралы жауап берген. Боксшы өзіне ұсынылған қарсыластар – Головкин және Мейвезердің арасынан екіншісін таңдады. 

Геннадий Головкин 19 желтоқсанда Голливудта жекпе-жек өткізді. Онда қазақстандық боксшы Польша спортшысы Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақта титулдық белдікті қорғау саны жағынан рекорд орнатты.

28 желтоқсан 2020, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.