Атырау, 19 мамыр 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жалақының жартысын жеген дастархан

5 538 просмотра

Біз мерекені отшашусыз, ал ішімдік ішпейтіндер аққайнарсыз-ақ өткізе аламыз. Бірақ «оливье» мен «тон астындағы майшабақ» («Селедка под шубой») салатынсыз қандай жаңа жыл дастарханы жайылмақ? Сатушылар соңғы кездері азық-түлік бағаларын көтермегенін алға тартады, бірақ жазда жұмыртқаның он данасы 280 теңге болса, бүгінде 370-450 теңгеге жетті. Не істеу керек, қаласаңыз да, қаламасаңыз да, дастархан жаю керек қой.

Атырау тұрғындарына биыл сүйікті тағамдарының бағасы қаншаға шығады? Мейрамхана қызметкерлері бір адамға бір порция мөлшерін есептейді. Бірақ біз оливьені кастрюльмен өлшеп үйренгенбіз, сондықтан бірден отбасына есеп жасаймыз. Пісірілген шұжықтың бір келісі орташа есеппен 1750 теңге тұрады, бізге 500 грамм жетеді, он жұмыртқа - 370-450 тг, картоп – келісі 160 тг, сәбіз – 180 тг, бұршақ - 350-400 тг, қияр банкасы – 600 тг, майонез - 350 тг. Барлығы 3015 теңге.

Жаңа жылдық дастарханның екінші тағамы – «Тон астындағы майшабақ» салаты. Қабығынан тазартылып, тілімделіп туралған майшабақ банкасы 800 теңге тұрады, қызылша – келісі 170 тг, қалған құрамы - картоп, сәбіз және жұмыртқаның бағасы бізге белгілі. Барлығы 1950 теңге.

Сорпа құйылған балықты қалай пісіруді бәрі біле бермейді, тіпті, әйгілі фильмнің кейіпкері де оны жақсы дайындай алмаған. Сондықтан, сиырдың сирағынан іркілдек (холодец) дайындаймыз. Жаңа жылдан бір апта бұрын оның бағасы мың теңге тұрады. Бірақ мереке күніне қарай бағаның қымбаттайтыны сөзсіз. Мен мұны сенімді түрде айта аламын, өйткені 16 желтоқсанның алдында 1300 теңгеден сатып алған едім. Ал үлкенірек сирақ 1700 теңге болды.

Сүйекті етті жұмыс күндері сатып алған дұрыс, сонда арзанырақ болады – келісі 2 мың теңге, демалыс күндеріне қарай баға 2200-2300 теңгеге дейін көтеріледі. Сатушылардың өздері «неліктен ет қымбаттап кеткен?» деген сұраққа, әдетте, олардың аз әкелініп жатқанын, тауардың тапшылығын айтады.

Асқа салатын жайма бағасы өндірушіге байланысты әр түрлі. Бірақ 300 грамм салмақтағы пакеттің орташа бағасы - 250 теңге. Оған майшабақ салатынан қалған екі картоп мен келісі 150 теңге тұратын пиязды қосыңыз. Осылайша, шартты түрде асатын ет құрамы 2550 теңге болады. Әдетте, ешкім бір келі ет сатып алмайды, ал сіз таңдаған еттің салмағы қандай болатындығы сізге және сіздің қалтаңызға байланысты болады.

Осылайша, ыстық тағам, екі салат және тіскебасар 8515 теңгеге шығады екен. Яғни, бір кешкі асқа ең төменгі жалақы – 42500 теңгенің төрттен бір бөлігінен астамын жұмсауға тура келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 желтоқсан 2020, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.