Атырау, 19 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

12-орында болғанымыз қуантады

3 735 просмотра

Онкологиямен ауыратын бір науқасты емдеу курсына орташа есеппен 3 миллион теңге бөлінеді. Бірақ уақытылы тексеріліп тұру әлдеқайда арзан әрі қауіпсіз. Бұл туралы облыстық онкология диспансерінің директоры Эльмира САПАРОВА онлайн-брифингте мәлімдеді.

- Атырау облысының тұрғындары, барлық қазақстандық секілді тік ішектің, сүт бездерінің, жатыр мойнының қатерлі ісігін тексеріп, үнемі тегін скринингтен өте алады. Бірінші аурудың мақсатты тобына 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер жатады, скрининг әр екі жыл сайын жасалады. 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны обырына тексеріледі. Одан әр 2 жыл сайын өту керек. Сүт безі қатерлі ісігінен скринингтен өтуге дәрігерлер 40-70 жастағы әйелдерді жібереді. Әр 4 жыл сайын тексеріліп тұру керек. Бірақ қажет болған жағдайда скрининг кезеңін күтудің қажеті жоқ, өзіңіз тексерілуге баруыңыз керек, - дейді Э.Сапарова.

Оның айтуынша, біздің облыс онкологиялық аурулар бойынша республикада 12-ші орында тұр (яғни, бұл тұрғыда салыстырмалы түрде қолайлы аймақ). Біздің өңірімізге дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде шығарылады. Алайда онкологиялық қызметтің ең үлкен проблемасы – дұрыс ғимараттың болмауы. Қазір онкология диспансері 1973 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан, ол заман талабына сай емес.

- Жаңа ғимарат салу туралы мәселе шешілді деуге болады, - деді ол журналистердің сұрағына жауап беріп. Бірақ ол қай жерде орналасатынын және құрылыс қашан басталатынын айта алмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

25 желтоқсан 2020, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.