Атырау, 19 мамыр 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қатты шаршап кеттім...". Аязды күні қызын далаға қуған ана көптен кешірім сұрады

3 866 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің қатыгез әрекетін түсіндіріп, көптен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде аязды күні жалаңаш далада отырған қыз баланың суреті пайда болып, көптің талқысына түсті. Тексере келе, әйел адам баласын осылайша жазаламақшы болғаны белгілі болды.

Ол бұл жайт өзіне сабақ болғанын айтып, өз ісіне өкінетінін жеткізді.

- Қатты шаршап кеттім, ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы, жын қуғандай, тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше бар өшімді балалардан алдым. Бөтен біреулер балаларымды алып кеткенін қаламаймын. Мен қызымды суық далаға қуып шықтым, бұлай бәрі жалғаса беруі дұрыс емес екенін өзіме есіме салу үшін, - дейді ол.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Ол мұндай жағдайда сөз табу қиын екенін айтып, ойын қысқа қайырды.

24 желтоқсан 2020, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.