Атырау, 19 мамыр 10:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мұғалім күніне екі құжатты ғана толтыруға міндетті

3 722 просмотра

Педагогтардан артық есепті талап еткені үшін 50-ден астам білім беру ұйымының басшысы жазаланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл бағытта батыл шаралар қолға алынды. Заң қабылданды, норма нақты бекітілді, заңға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Қазір барлық процестерді реттеудің нақты тетіктері бар. Қазір біз педагогтың күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін бекіттік, олар – сынып журналы, қазір оны көпшілігі электронды түрде толтырады және сабақ жоспары. Одан басқа құжаттарды мұғалім күнделікті толтыруға міндетті емес. Жылына бір рет күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалады», - деді А. Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ, министр педагогтан артық есеп сұрау бойынша шағымдар келіп түскенін және нақты шаралар қабылданғанын айтты. 

«Биылғы жылдың өзінде осы норманы бұзу бойынша білім беру ұйымдарының 50-ден астам басшысы жазаланды», - дейді Білім министрі.

24 желтоқсан 2020, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.