Атырау, 19 мамыр 11:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Адамшошырлық жағдай - министр аязда қалған қыз туралы

3 502 просмотра

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда аязда қалған 8 жастағы қызға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз көрдік. Ол жаққа топ жіберілді. Қорғаншылық органдары мен ювеналды полиция сол жерге кетті, олар қазір қажет жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қыз далада отырды, қарда, жалаңаш. Шынын айтқанда, мен бұл қыздың қандай жағдайда өмір сүргенін білмеймін. (...) Өкінішке қарай, мұндай адамшошырлық жағдайлар болады.
Әрине, мемлекет бұл жағдайда тез әрекет етуі керек. Сондықтан қамқоршылық органдары қажет жұмыстарды жүргізеді. Қандай да бір мәлімет айтуға бізге әлі ерте, себебін білу керек, қандай жағдай болғанын анықтау қажет. Мұның қаншалық шындыққа жанасатынын көреміз. Заң аясында ең қатаң шаралар қабылданады", - деді министр онлайн-брифингте.

Анасы 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген. Баланың отбасы туралы деректер шықты

Еске салайық, мұның алдында астаналық әйелдің 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жібергені хабарланған болатын. Бұл жазба желі қолданушылары арасында шу шығарған еді. 

24 желтоқсан 2020, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.