Атырау, 19 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Корпоративтік кештер де қарапайым өтеді

4 001 просмотра

Ауру жұқтыру қаупі де, айыппұл да, дағдарыс та халқымыздың жаңа жыл мерекесін тойлауына кедергі бола алмайды. Біз үйренген ауқымда болмаса да, бұл мерекенің атап өтілері сөзсіз.

Осыны түсініп, ерекше көңіл-күйге ие болу үшін кез-келген косметикалық дүкенге бару жеткілікті - қазір ол жерлерде жеңілдіктер болып жатыр. Әтірлер мен кофенің хош иісі, әдемі қораптар және қазіргі кезде тауарлардың әдеттегі бағаның жартысына арзан сатылуы көңілді көтеріп жібереді. Кассадағы кезек өткен жылғы «жеңілдік» желтоқсанына қарағанда азырақ болғанымен, сатып алушылар жеткілікті. Кейбір сатып алушылар жұмыста жаңа жылға тарту ретінде берген сыйлық сертификаттарына тауарлар сатып алады. Бәрі де әріптестерімен және достарымен қайда бару керектігін жоспарлайды.

Әдетте қызметкерлері үшін жаңа жылдық банкеттер ұйымдастыратын ірі кәсіпорындар биыл көпшілік бас қосатын кештерден бас тартты. Дегенмен, адамдар шағын топ болып, есігі жабық мейрамханаларда, таңға дейін болмаса да, атап өтері сөзсіз.

- Өзіміздің чатымыз бар, ақпаратпен бөлісеміз, егер бұрын әріптестер осы күні қолдары бос болмаса, бір-бірімізге тапсырыстар жіберетінбіз, ал енді – интернационалды шаралар және бірнеше тілді білу керек болса ғана, - дейді өзінің атын атағысы келмеген қаладағы танымал корпоративті іс-шараны өткізуші. – Біз гонорарымызды төмендетпеуге тырысамыз, өйткені тапсырыс жоқтың қасы. Содан кейін, жұмыс құны қонақтар санымен емес, кеткен уақытқа байланысты есептеледі. Қазір корпоративті шаралар жүргізушінің мәртебесіне байланысты 100-ден 150 мың теңгеге дейінгі аралықта. Бұл бағадан төмен түсірмеуге тырысамыз. Бағаны түсіретіндер әріптестерінің құрметін жоғалтып алуы мүмкін - қала шағын ғой, бәрі белгілі болады.

Ол корпоративтік кештер 3 желтоқсаннан басталып жүрген кездерді сағынышпен есе алды: маусымды шетелдік компаниялар ашатын, олардың басшылары Рождествоға дайындалу үшін осы уақыттан кейін өз елдеріне кететін. Тапсырыстар үйіліп қалатын, ал жүргізушілер мейрамханалардан түнгі он екіден кейін шығатын. Бірақ таңертең ертегі кейіпкерлерінің костюмін киіп, кері сол жаққа қарай жүгіретін, кешкі 6-да тұсаукесер немесе сыйлық ұтыс ойындарын өткізіп, содан кейін соңғы клиенті қалғанша қайтадан кеш пен дискотека ұйымдастыратын. Қатты шаршаса да ешкім бас тартпайды, өйткені желтоқсан айы оларды бір жыл асырайтын.

Эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін енді салтанатты шараларды астыртын ұйымдастырушыларды ғана емес, меймандардың көңілін көтеретін асабаны, фотографтарды, бейнеоператорлар мен әртістерді де жазалайтынын бәрі біледі. Бәрі де тәуекелге бел бууға әзір. Бұрынғыдай сән-салтанатты шаралар жоқ. Адамдар үлкен банкет залдарын алмай, жайлы мейрамханалар мен кафелерді таңдайтын болған. Терезелерге ауыр перделер жабылған. Олар кафеде болып жатқан бүкіл нәрсені көзден таса етіп жауып тастайды, дыбысты, музыка үнін естіртпейді. Қонақтар салтанат иелерінің үйіне жиналады, содан кейін оларды автобуспен кафенің артқы есігіне апарады. Қандай да бір себептермен үйге бара алмағандар, бірден кафеге барады, ал көлікті әрігірек қояды. Содан кейін, артқы есік арқылы салтанат болып жатқан жерге кіреді. Мен қазір астыртын шара өткізушілердің іс-әрекетіне баға бермеймін, тек оның қалай болатынын сипаттап отырмын. Бір жақсысы – адамдар шараға кешікпеуге тырысатын болған. Ешкім қоқыс жәшіктерінің жанында туыстарына қоңырау шалып, жабық есікті ашуын өтінгісі келмейді ғой.


АСТАРЛЫ ӘЗІЛДЕР

Мерекені әріптестермен бірге атап өту әдеттегіден қарапайымдау болады. Өте сақ мейрамхана иелері 30-дан артық қонақты қабылдамайтынын әрі сағат 21.30-ға дейін тарауға тура келетінін телефон арқылы алдын-ала ескертуде. Басқа жерлерде ондай әңгіме айтылмайды, бірақ мереке қарсаңында мейрамханаға кіруге рұқсат беретін шақыру қағазын жіберуге уәде бергендер бар. Көптеген мекемелер кәсіпорын мен ұйымдар үшін жаңа қызмет ұсынуда – қызметкерлерге әр түрлі номиналдағы сертификат дайындаған. Көбіне 10 мың теңге таңдайды, одан көбірек номиналға сұраныс жоқ. Ал қызметкер оларды қалай пайдаланады - кафеге ұжыммен немесе отбасымен бірге бара ма, оны өздері шешеді. Айтпақшы, мекемелер 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін қосымша шектеу шараларын енгізбейді – бұл туралы бас дәрігердің қаулысында ештеңе айтылмаған, ал мейрамханаларға тиісті органдардан хат келмеген.

- Карантин адамдарды үнемдеуге, прагматизмге үйретті, сондықтан оларды сөгуге болмайды. Біз – отырыс жүргізуші, музыкант, фотографтар да өз бағамызды орта есеппен 25%-ға төмендеттік, - дейді басқа жүргізуші. - Қазір өз арамызда қалыптасқан әзіл де бар: мен іс-шараны өткізуге 200 мың аламын, бірақ олар 60 мың ұсынса, келісемін. Жаз бен күзге жоспарланған тойларды өткізуге жыл басында алған алдын ала төлемдерді бәрімізге кері қайтаруға тура келді. Тамада неғұрлым танымал болса, соғұрлым көп ақша той иесіне қайтарылды. Мысалы, мен 700 мың теңгені кері қайтарып бердім. Әрине, қазір кез-келген ұсынысты жерге тастамас едім. Бірақ қазір мерейтой, тұсаукесер, корпоративті кештерді өткізуге тапсырыс жоқ. Қазір осындай іс-шаралардың барлығын шағын отырыста, қонақтар арасынан тамада сайлап алып өткізгенді қолайлы көреді.

Қазір менің сұхбаттасушым балаларға арналған мерекелік тапсырыстарға үміт артып отыр – Аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақыру үшін 10-нан 30 мың теңгеге дейін төлейсің. Биылғы жылы тапсырыс саны өткен жылмен бірдей, тіпті тұрақты клиенттер де бар.

- Наурыздан бері маған туған күн мен мерейтой өткізуге тек 3 шағын тапсырыс түсті. Биыл ертеңгіліктер мүлдем жоқ. Өткен жылы желтоқсан айының ортасынан бастап біздің ұжым мейрамханаға таңертең кіріп, жаңа жылдық қойылымдардан кейін кеште бір-ақ шығатын, - дейді Юлия КУРМАКАЕВА.

Кафе мен ойын-сауық орталықтарындағы балалар үшін ертеңгіліктер мен кештер әлі де өткізіледі, бірақ олар Аяз Ата мен Ақшақарды міндетті қонақтар ретінде санамайтын орта мектеп жасындағы балаларға арналған. Тапсырыс 10, кейде 20 балаға арналады деген есеппен беріледі. Орталықта өткізетін бір сағаттың бағасы 2,5 мың теңгеден басталады, тамақ пен сусын бөлек септеледі. Айтпақшы, ойын-сауық орталықтары кішкентай балаларды да қабылдайды, бірақ мерекені атап өту үшін емес, алдын-ала жазылу арқылы күнделікті бос уақытын өткізуге. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 желтоқсан 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.