Атырау, 19 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

42 градусқа дейін аяз болады

3 985 просмотра

Қазақстанның төрт облысында қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Sputnik төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады. Ал келесі күні түнде 25-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады.

Сенбі, 26 желтоқсан күні Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз болады. Ертесінде түнгі уақытта 32-37, кей жерлерде 40 градус қатты аяз болжанып отыр.

Сол сияқты Ақмола облысында 26 желтоқсанда ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде  30 градус аяз болады. 27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аяз болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысында сенбі күні ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, аяз болады. 27 желтоқсанда 37-42 градус қатты аяз көтеріледі деген болжам бар.

Құтқарушылар ауа температурасы қатты төмендеген кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеуге кеңес берді.

"Қатты аяз болған жағдайда далаға шықпаңыз, жеке автокөлікпен ешқайда  бармаңыз", - дейді құтқарушылар.

Бұдан бөлек, мамандар аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және шарфсыз шықпау қажет деп отыр. Металдан, соның ішінде алтын мен күмістен жасалған әшекейлерді тақпаған дұрыс.  Себебі металл суық тартады. Сосын саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді.

24 желтоқсан 2020, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.