Атырау, 19 мамыр 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Байбек және ПТР-тест

3 842 просмотра
Видеодан скриншот

«Бүгін Атырау қаласына Республикалық "Нұр отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Алайда, кездесуге келген мүгедектерді еңгезердей жігіттер кеудесінен итеріп, ПЦР  тест әкеліңдер деп, күштеп далаға қуып шықты. Кейін мүгедектерді бір бөлмеге кіргізіп, қазір ПЦР тест жасаймыз деп бір сағат қамауда ұстады. Алайда ешқандай тест жасалған жоқ. Кейін сендерді Байбек жеке қабылдайды деп өтірік список жасап, бір сағат қамауда ұстады. Оказывается, сол кезде Байбек уже кездесуін өткізіп кетіп қалыпты. "Нұр Отан" партиясының екіжүзділігін көріп жағамызды ұстадық. Мынадай екі жүзді партияға қалай дауыс береміз?».

Редакция поштасына осындай хат Атырау қаласының тұрғыны Рауан ТҰРҒАНТАЙДАН келіп түсті. Ол бұл мәтінді әлеуметтік желіге де жариялапты.

«AЖ» «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына комментарий алуға жүгінді. Бізге параспортшылар қатысқан тақырыптық кездесу болғанын, міндетті түрде ПТР тестінің болуы алдын-ала ескертілгенін айтты.

- Оларды бір бөлмеде ұстаған жоқ. Тұрғантай қоғамдық қабылдауға келіп, Мәжіліс депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғановқа барып, өз проблемалары туралы айтты. Осыдан кейін ол Бауыржан Байбек параспортшылармен кездесу өткізіп жатқан залға барғысы келді, бірақ оны ПТР тесті болмағандықтан кіргізбеді. Кездесу санаулы қонақтармен өтті. Бірақ оның қолында анықтамасы болса, ешқандай қиындық туындамас еді, - деді «Нұр Отан» кеңсесіндегілер.

Ақпарат үшін: бүгін, 23 желтоқсанда Атырау қаласына «Nur Otan» республикалық сайлауалды штабының мүшелері келді. Күні бойы олар қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадашыларымен және басқа да белсенді азаматтармен кездесті. АМӨЗ-ге де барып, қаладағы негізгі жолаушы тасымалдаушы «Atyrau-Avtopark» ЖШС қызметкерлерімен әңгімелесті. Сонда зауыттың барлық жұмысшылары мен автобус жүргізушілері Байбек мырзамен кездесу үшін ПТР сынағын тапсырған ба?

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

23 желтоқсан 2020, 22:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.