Атырау, 19 мамыр 02:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда соңғы тәулікте коронавирустың 62 ​жағдайы анықталды, оның 39-ы - Теңізде​

3 793 просмотра

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Коронавирусқа шалдыққан науқастардың 11-і Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішінен 39 жұмысшыдан, Жылыой -1, Қызылқоға - 5, Махамбет -5, Құрманғазы ауданында 1 адамнан анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 20-сында ауру симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 12 адам емделіп шықты..

Қазіргі кезде 268 адам үй жағдайында емделуде, облыстық инфекциялық стационарда 100 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 380 адам ем қабылдауда.

23 желтоқсан 2020, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.