Атырау, 19 мамыр 03:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық қырылып қалды

3 316 просмотра

Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде ауа жетіспеуі салдарынан 41 мың тауық қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Ұйғыр ауданындағы "Otan Green Food" ЖШС құс фабрикасында болған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, фабрикада жабдық істен шыққан. Салдарынан тауықтар қырылған.

"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шыққан. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына әкелген. Салдарынан бөлмедегі температура көтеріліп, оттегі азайған. Бұл деректі кәсіпорынның мал дәрігерлік қызметі растады", - делінген Ұйғыр ауданының әкімдігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдік фабрикада құс тұмауын анықтау бойынша жұмыс жүргізілгенін, талдау теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.

23 желтоқсан 2020, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.