Атырау, 19 мамыр 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Екінші Чернобыльге айналуы мүмкін". ТШО комментарийі

Бейнежазба
4 128 просмотра

«Теңізшевройл» мұнай және газ кен орнындағы сыбайлас жемқорлық пен улы шығарындылар туралы айтқан жұмыстан шығарылған мұнайшының шағымына түсініктеме берді.

«Теңізшевройл» (ТШО) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, қоршаған ортаны және ТШО орналасқан қоғамдастықты қорғауға басты назар аударады.

Қазақстандық экологиялық заңнамаға сәйкес, ТШО атмосфералық ауаның мониторингін қамтитын өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) жүргізеді. Барлық сынамаларды іріктеу мен талдауды заманауи және сертификатталған жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханада білікті мамандар жүргізеді. Жабдық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті белгілеген тексеру/калибрлеу талаптарына сәйкес тексерістен уақытында өтеді. ӨЭБ нәтижелері туралы есептер тоқсан сайын Атырау облысы бойынша экология департаментіне жіберіледі.
 
Сонымен қатар, 2000 жылдан бастап ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған шараларға 3 миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған, бұл өндірілген мұнайдың бір тоннаға шаққандағы шығарындыларын 74%-ға төмендетті.ТШО 2009 жылы ілеспе газды үнемі жағуды толықтай тоқтатты және бүгінде ілеспе газдың 99% -дан астамы кәдеге жаратылады.
 
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үрдісі ашық және меритократия қағидаттарына сүйене отырып негізделген, ТШО барлық әлеуетті үміткерлерге тең қол жетімділікті қамтамасыз ететін компанияның сыртқы веб-сайтындағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қоса, тиісті жұмысқа қабылдауды жүзеге асыруға көмектесетін егжей-тегжейлі процедуралар әзірледі", - делінген хабарламада. 

Естеріңізге салсақ, өзін «Теңізшевройлдың» жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкерімін деп атаған жігіт мұнай және газ кен орнындағы сыбайлас жемқорлық пен улы шығарындыларға назар аударуды өтініп, екі бейнеүндеу түсірген. Роликтер Kris P Brothers️️️ Instagram парақшасында жарияланған.

23 желтоқсан 2020, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.