Атырау, 19 мамыр 00:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қыздарымыз математика мен тарихтан топ жарды

3 726 просмотра
Айданур ДЕМИРДЖИ (сол жақта) мен Ақбота ЖҰБАТҚАН .

Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары «MOSTRATEC» атты 35-ші Халықаралық білім көрмесінің аясында өткен ғылыми жұмыстарымен жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі хабарлады.

Идеялар мен терең зерттеу жұмыстарының басын қосқан додаға  35 елдің 752 үміткері қатысты. Олардың қатарында  Қазақстан мектептерінен 25  оқушы бар. Соның ішінде Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының екі оқушысы топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. 

Конкурсты ұйымдастырушылар Бразилияда, бірақ пандемияға байланысты жарыстар қашықтан өткізу форматында Jitsi meet мобильді қосымшасының көмегімен өтті. 

Біздің қыздар өз жобаларын ағылшын тілінде өте жақсы қорғады. Ақбота ЖҰБАТҚАН  математика пәнінен І орынды иеленсе,  Айданур ДЕМИРДЖИ тарих пәнінен ІІІ орын алды. 

Айданурдың айтуынша, олар жаздың аяғында мектеп-интернаттың оқу ісінің меңгерушісі Оксюз РАХМАН мен АМУ мұғалімі, математика пәнінің кандитаты Аққабыл АБИРОВТЫҢ көмегімен байқауға дайындықты бастап кеткен. Қашықтық форматы ұйымдастырушыларға балалар үшін шынымен қызықты жарыс ұйымдастыруға кедергі болмады, бұл олар үшін керемет тәжірибе болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Білім беру басқармасының баспасөз-қызметі ұсынған сурет

23 желтоқсан 2020, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.