Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Біз сонша малды игере алмаймыз

3 573 просмотра

Атырауда кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы мәселе талқыланды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВ жергілікті мал өсірушілерге мемлекеттік субсидия алудағы басты кедергілердің бірі мал санының өте жоғары екенін атап өтті: мемлекеттен ақша алу үшін бірден кемінде 5 мың бас ірі қара немесе ұсақ мал ұстап отыру керек. Бұл талап 2018 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен субсидиялау қағидаларында көзделген. Нұрлыбаевтың пікірінше, бұл норма біздің өңірге қолдануға қолайсыз.

- Аймақтың ерекшеліктерін ескеру керек деп есептеймін. Атырау облысы шөлейт аймақта орналасқан, жем-шөп тапшылығы мен олардың қымбаттығына байланысты малды осындай көп мөлшерде ұстау өте қиын. Мұнда шектеуді он есе, яғни 500 басқа дейін төмендету керек. Бұл шаруалар санын артып, бәсекелестіктің дамуына серпін берер еді, - деді Нұрлыбаев.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 желтоқсан 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.