Атырау, 19 мамыр 07:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда Мысырдан келген 34 жолаушы стационарға жатқызылды

3 740 просмотра

21 желтоқсанда Шарм-эль-Шейх қаласынан Атырауға рейспен келген 34 жолаушыда ПТР-тестіден өткені туралы анықтамасы болмаған. Олар қаладағы арнайы дайындалған карантин стационарының біріне орналастырылды. Бәрінен коронавирусқа жылдам сынама алынып, Ұлттық сараптама орталығына жіберілді. Деректер 5-6 сағатта белгілі болады, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

ПТР тестіден өткені туралы анықтамасы жоқ кейбір жолаушылар карантин стационарына жеткізетін автобусты ұзақ күткендеріне шағымданды.

Уәкілетті орган мән-жайды түсіндірді. Алгоритм бойынша, ұшақ келгеннен кейін жүктерді қабылдап, құжаттарды тексеруге біраз уақыт кетеді. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жолаушыларды тасымалдау үшін бірнеше көлік қажет. Ол үшін уақыт қажет.

Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, анықтамасыз келген жолаушылардың 100%-ында тест теріс нәтиже көрсеткен. ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстанға халықаралық рейспен келетіндердің барлығында ПТР әдісімен коронавирус сынамасынан өткендігі туралы анықтама болуы керек.

22 желтоқсан 2020, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.