Атырау, 19 мамыр 05:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Головкиннің келесі айқасатын екі қарсыласы белгілі болды

3 549 просмотра

Орта салмақтағы IBFжәне IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы – қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) 2021 жылы жекпе-жекке шығатын екі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жайлы The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер мәлім еткен. 

Еске сала кетсек, Геннадий 19 желтоқсан күні таңертең поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-1, 5 КО) айқасып, жетінші раундта жеңіске жеткен болатын.

«Егер «Канело» болмаса, GGG-дің келесі қарсыласы кім болмақ? Ең ықтимал нұсқа – мексикалық Хайме Мунгия. Дереккөздерге сүйенсек, кездесу көктемге жоспарланып отыр. Енді біреуі: супер жұлдыз болып саналатын олимпиада чемпионы Риота Муратамен Токиода айқасу. GGG осы екі жекпе-жектің фавориті болмақ және бұл оны күзде одан да маңызды жекпе-жекке ынталандырады», - деп жазды Коппинджер. 

22 желтоқсан 2020, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.