Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Германиядан әкелінген шырша отырғызылды

Сурет
3 724 просмотра

21 желтоқсанда Атырауда драма театрының алдындағы алаңға Германиядан әкелінген тоғыз метрлік көк шырша отырғызылды. Қала әкімшілігі оны сатып алуға және орнатуға бюджеттен қаражат бөлінбегенін атап өтті.

- Бұл демеушілердің қалаға жасаған сыйы. Топырақ алдын-ала дайындалды, көлемі 4x4 метр және тереңдігі бір жарым метр шұңқыр қазылды. Топырақ 50 литр қылқан жапырақты топырақпен тыңайтылды, қайыршақ пен биогумус себілді. Шырша бой алып кетуі үшін жарты метрдей дренажды қабат - құм, қиыршық тас пен топырақ қоспасы салынды, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, Исатай-Махамбет орталық алаңына өткен жылдары пайдаланылған биіктігі 15 метрлік погонды жасанды шыршаны орнату көзделіп отыр.

Қаланың тұрғындар тығыз орналасқан екі ауданына бұрын қолданылған шыршалар мен әшекейлерді орнату жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын «AЖ» хабарлағандай, биыл қаланы жаңажылдық безендіруге ақша үнемдеу мақсатында бюджеттен ақша бөлінбейді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

22 желтоқсан 2020, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.