Атырау, 19 мамыр 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

2021 жылы әзірлененетін маңызды заң жобалары

3 370 просмотра

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары жайында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы қаралды. 

«Осы жылғы заң жобалау жұмыстары жоспары орындалды деп есептейміз. Жоспарланған 22 заң жобасының барлығы Парламентке енгізілді. Олардың ішінде ең маңыздылары «Ардагерлер туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Арнайы тауарларды бақылау туралы» заң жобалары болды», - деді Премьер-Министр. 

Оның айтуынша, 2021 жылға арналған жоспарда 25 заң жобасы көзделіп отыр, оның алтауы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайды. Бұл – сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және биржалық сауданы дамыту мәселелері туралды заң жобалары. 

«2021 жылға арналған жоспарда геодезия, биологиялық қауіпсіздік, әскери полиция және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша маңызды заң жобалары бар. Жалпы, 2020 жылғы заң жобалау жоспарын орындалды деп танып, 2021 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары жоспарын мақұлдауды ұсынамын. Заң жобаларын сапалы, уақытында әзірлеп, ұсыну үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауапты болады. Менің тапсырмам бойынша Үкімет регламентіне әзірлеуші органдардың бірінші басшыларының дербес жауаптылығы туралы түзетулер енгізілді. Осыған орай, министрлер заң жобаларының әзірленуін және Үкімет пен Парламентке уақтылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет», - деді А. Мамин. 

Жоспардың орындалуын жалпы үйлестіру мен бақылау Әділет министрлігіне жүктелді.

22 желтоқсан 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.