Атырау, 19 мамыр 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Экология министрлігі су тапшылығын болдырмас үшін күріш егуді қысқартуды ұсынды

3 122 просмотра

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы су тапшылығының алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің есебі бойынша, суды тұтынудың ағымдағы ауқымы, яғни 1,5 миллион гектар жерге 13,3 шаршы шақырым су жұмсау жағдайы сақталса, онда 2030 жылға қарай 11,7 шаршы шақырым су тапшылығы орын алады деп болжанады.

Судың тапшылығын болдырмау үшін күріш дақылдарын 29 мың гектарға, атап айтқанда Қызылорда облысында 15 мың гектарға, Алматы облысында 10 мың гектарға және Түркістан облысында 4 мың гектарға азайту қажет. Бұл 1 шаршы шақырым суды үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді Экология министрі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, кем дегенде 750 мың гектар алқапқа суды үнемдейтін суару технологияларын енгізуді жалғастыру қажет. Бұл орташа есеппен 30% немесе 2,2 шаршы шақырым суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ұзындығы 6 мың шақырым суару желілерін қайта құрудың және 119 магистралды негізгі каналдарда цифрландыруды кең көлемде жүзеге асырудың арқасында жылына 2 шаршы км су үнемделеді. Осы қажеттіліктерге алдағы бес жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарынан 192 миллиард теңге бөлінеді, деп атап өтті Мырзағалиев.

Сонымен қатар, 10 жыл ішінде 3,6 шаршы км көлемінде су жинау үшін 39 жаңа су қоймасы салынады, бұл 137 мың тұрғыны бар 70 елді-мекенді тасқын қаупінен сақтайды. Бүгіннің өзінде Түркістан облысында Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасының құрылысы жүріп жатыр, 28 су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі, ал үшеуіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жоғарыда аталған шараларды сәтті жүзеге асыру қосымша 8,8 шаршы шақырым су жинауға мүмкіндік береді.

22 желтоқсан 2020, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.