Атырау, 19 мамыр 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Полицейдің Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен түскен селфиіне қатысты тексеріс басталды

3 334 просмотра

Шымкентте үйдің кіреберісінде әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Кейінірек желіде полицейдің ұсталған ер адаммен селфиі тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнет пайдаланушылары 70 жастағы әйелді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицейдің суретін талқылап жатыр.

Пікір қалдырғандардың ішінде күдікті мен полицейдің суретке түскенін жөнсіз деп есептейтіндер бар. 

"Неге фотосын Желіге жүктеді? Сот дәлелдеп қойды ма, мұнысы қалай?", Бірінші жұмыс күнің және сені мақтаған жағдай", "Ол Димашпен суретке түсіп тұрғандай мәз", "Полицейлердің арасында қылмыскермен селфи түсу сәнге айналды" деп жазған қолданушылар.

Шымкент полиция департаменті қызметкерге қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде берді.

Шымкентте үй кіреберісіндегі зорлық әрекеті: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қалалық ПД мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен сағат 23.15-те Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.


21 желтоқсан 2020, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.