Атырау, 19 мамыр 08:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын енді онлайн алуға болады

3 627 просмотра

Атырау тұрғындары енді ХҚКО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн режимінде ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Электронды техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Содан кейін онлайн сұрау салып, тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет.

Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.

Электронды техпаспорт ХҚКО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің электронды-цифрлық қолтаңбасымен расталады.

Пилоттық жоба Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 2019 жылдың қарашасында іске қосылған еді. Ал енді egov.kz электронды үкімет порталындағы бұл мемлекеттік қызмет Қазақстанның барлық аймақтарының тұрғындарына қолжетімді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

21 желтоқсан 2020, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.