Атырау, 19 мамыр 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге қол ұшын берейік

3 962 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Биыл «AЖ» өмірдегі түрлі жағдайға байланысты ата-анасыз қалған балаларға қуаныш сыйлау үшін дәстүрлі жаңа жылдық «О, алақай, Аяз ата» акциясын қайта жандандыруды ұйғарды.

Біз Атыраудағы Сәбилер үйінің директоры Раиса БАЙМҰХАНОВАҒА хабарласып, кішкентай балаларға қажетті заттардың тізімін жасап беруді өтіндік. Ол ықыласпен келісті - пандемия кезінде жоспарланған мемлекеттік сатып алулардың көпшілігі болмай қалды, балаларға көп зат, ең алдымен киім, ойыншықтар қажет.

Қазір Сәбилер үйінде 22 сәби бар, оның 5-уі 4 жасқа дейінгі ұл бала, қалғандары - қыздар. Осы аптада бір айлық нәресте әкелінбек.

Біздің өтінішіміз бойынша Раиса Баймұханова ұсынған тізім:

  • 2, 3 және 4 жастағы қыздарға арналған күзгі күртелер (15 дана)
  • 1, 5, 2, 3 және 4 жастағы қыздарға арналған қысқы күртелер (15 дана)
  • Күзгі етік - өлшемдері 23, 24, 25, 26, 27
  • Кроссовкалар - өлшемдері 22, 23, 24, 25, 26.
  • 2, 3 және 4 жастағы ұл балаларға арналған күзгі күртелер (артығымен, 15 дана)
  • 2, 3 және 4 жастағы ұл балаларға арналған қысқы күртелер (15 дана)
  • 23, 24, 25, 26, 27 өлшемді күзгі етік
  • 23, 24, 25, 26, 27 өлшемді қысқы етік
  • 23, 24, 25, 26, 27 өлшемді кроссовкалар.

Бұдан басқа, колготки, шұлық, іш киім, сәбилерге арналған боди, жаялықтар, балалар тағамы, ойыншықтар қажет.

Жаңа жылға аз уақыт қалды. 

Заттарды Балғымбаев көшесі, 71 «а» мекен-жайындағы «AЖ» редакциясына әкелуді өтінеміз. Барлық сұрақтар бойынша (8702) 777-83-12 телефонына «AЖ» тілшісі Нұргүл Хайруллинаға хабарласуларыңызға болады. Сыйлықтар 25 желтоқсанға дейін қабылданады.

14 желтоқсан 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.