Тоңазытқыш есігіне басын қысып қорлаған еркінқалалық қатыгез тұрғынның иті АҚШ-қа ұшып кетті.
- Біздің Лаки АҚШ-қа жаңа қожайындарына ұшып кетті. Итті құтқарып алғаны үшін топ еріктілеріне және ол үшін уайымдаған жандардың бәріне үлкен алғыс. Тасымалдауға көмек көрсеткені үшін Джошуаға рахмет. Жаңа қожайыны Элинге рахмет. Сағынатын боламыз, - дейді «Мейірімді жүрек» қоғамдық қоры.
Естеріңізге салсақ, 31 мамырда Еркінқала ауылында жергілікті тұрғын мас болып, итін тоңазытқыштың есігіне тұншықтырған болатын.
Әлеуметтік желіде пайда болған видеодағы аяусыз кадрлар үлкен қоғамдық наразылық тудырып, содан кейін сол әлеуметтік желіде жануарды азаптаушы жасаған ісіне өкініш білдіреді. «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, одан соң тоқтатылды, бірақ кейінірек Атырау прокуратурасы оны қайта жалғастыруды талап етті.
Лакиге келер болсақ (еріктілер итке осылай ат қойды), бұл қатыгез видео тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де кеңінен таралды.
Соншама қатегіздік көрсе де, мейірімді адамдарға деген жануардың өшпес сенімі әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін қозғады. АҚШ, Канада, Франция, Ресейден оны алып кету туралы ұсыныстар түсті. Ең салмақты ұсыныс АҚШ-тан түсті, бірақ логистика мәселесін шешіп, оны апаратын адамды табу керек болды. Осылайша Лаки алыс елде өзін жақсы көретін адамдардан пана тапты. Шынымен де, жолы болды!
Фархат ӘБІЛОВ
«Мейірімді жүрек» ҚҚ ұсынған сурет