Атырау, 6 мамыр 09:14
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Дәрігер коронавирусқа тән ерекше симптомды атады

3 737 просмотра

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың дене қызуы төмендеуі мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.

Терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахин мұндай симптом COVID-19 кезінде қалыпты емес реакция екенін айтты. Коронавирус инфекциясын жұқтырған егде жастағы адамдар мен балалардың дене қызуы төмендеуі мүмкін.

Мұндай жағдай коронавирус инфекциясына байланысты болмауы да мүмкін.

"Төмен температура гипотиреоз, онкология, орталық жүйке жүйесінің онкологиясы, орталық жүйке жүйесінің жарақаттары және бауыр аурулары кезінде де кездеседі", - деп түсіндірді Кондрахин.

Дәрігердің айтуынша, бауыр ағзаны "жылытуға" жауап береді, сондықтан көбінесе циррозға шалдыққан науқастардың дене қызуы төмендейді.

Сонымен қатар бұл туа біткен болуы мүмкін, кейбір дәрі-дәрмекті қолдану кезінде, есірткіге тәуелділіктен тууы мүмкін.

7 желтоқсан 2020, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.