Атырау, 6 мамыр 03:36
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр

3 454 просмотра

Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адам белгісіз ауруды жұқтырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz The Hans India сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.

Мемлекеттік аурухананың медициналық қызметкерінің айтуынша,  науқастар, әсіресе балалар жүрегі айнығанын айтқан. Біреулерінің сіңірі тартылып қалған.

Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны - 300.

Сондай-ақ, тағы бір науқастың қайтыс болғаны айтылады.

Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.

7 желтоқсан 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.